03 ақпан 2021 14:37

Алаяқтар WhatsApp арқылы алдаудың тағы бір тәсілін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстандық Желі қолданушылары WhatsApp арқылы алдаудың жаңа тәсілі шыққанын ескертті. Алаяқ жеке суреттеріне өтетін сілтемені мессенджерге жібереді. Сілтемеге өткен сәтте желі қолданушысының төлем деректері толық алаяқтардың қолына түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстандық Желі қолданушылары WhatsApp арқылы алдаудың жаңа тәсілі шыққанын ескертті. Алаяқ жеке суреттеріне өтетін сілтемені мессенджерге жібереді. Сілтемеге өткен сәтте желі қолданушысының төлем деректері толық алаяқтардың қолына түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

KZ-CERT Компьютерлік шабуылдарға әрекет ету қызметі алаяқтықтың мұндай жолы барын хабарлады. Вирусы бар сілтеме бағдарлама жүйесіне зиян келтіреді немесе фишингтік сайтқа өтеді.

"Егер ондай сілтемесі бар хабарлама келсе, оны https://t.me/kzcert чатына жіберіңіз. Біздің қызметкерлер тексеріп, ақпараттың жалған немесе растығын анықтайды. Біз демалыссыз, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейміз", - деп хабарлады KZ-CERT Компьютерлік шабуылдарға әрекет ету қызметі.

Сонымен қатар, ұялы байланыс компанияларының менеджері қоңырау шалады. Қоңырауға жауап берсеңіз мобильді банкингіңізді бұзуып, төлем картаңыздан ақша шешіп алады деген жалған хабарлама тарап жатыр. 

Beeline компаниясының PR-қызметі мұндай схема техникалық тұрғыдан жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Клиенттер барынша абай болып, алаяқтардың арандатуына сеніп қалмау қажет. Ұялы байланыс операторларының қызметкерлері абоненттерге ешқашан қоңырау шалмайды және құпия сандар мен таңбаларды жіберуді сұрамайды. Клиент өз еркімен айтып қоймаса, тек қоңырауға жауап бергеннен ақпараттар алаяқтарға өтпейді", - деп хабарлады компания.

Дегенмен, сарапшылар хабарламаға немесе сізге таныс емес абонент қоңырау шалса оларға сенбеуге және деректерді енгізбеуге кеңес береді.

Басылым мәліметіне сүйенсек, алаяқтықтың мұндай схемасы басқа елдерде бұрын хабарланған. Бұл туралы Мәскеу тұрғындары 2017 жылы желіде ескерткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети