"Әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ". Тасмағамбетов фейк аккаунттар туралы айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ". Тасмағамбетов фейк аккаунттар туралы айтты Фото ©Тұрар Қазанғапов

Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атына ашылған фейк парақшалар пайда болды. Ол бұл парақшалар өзіне қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атына ашылған фейк парақшалар пайда болды. Ол бұл парақшалар өзіне қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Instagram-дағы tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан аса адам жазылған, ал imaangali_tasmagambetov парақшасында мыңнан аса адам бар. Facebook-те де оның атына парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов бұл парақшалар өзінікі емес екенін айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде ешқандай парақшасы жоқ.

"Құрметті достар! Кейінгі уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын. Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети