Әлеуметтік желілерде қырғыз-қазақ шекарасының маңында түсірілген Шу өзенінің суреті талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде қырғыз-қазақ шекарасының маңында түсірілген Шу өзенінің суреті талқыланып жатыр Шу өзені. © Анатолий Черемных

Қырғызстандағы әлеуметтік желілерінде қырғыз-қазақ шекарасына жақын маңда түсірілген Шу өзенінің суреті белсенді талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандағы әлеуметтік желілерінде қырғыз-қазақ шекарасына жақын маңда түсірілген Шу өзенінің суреті белсенді талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпарат бойынша, сурет 21 тамызда Қордай маңында түсірілген. Суретте өзен арнасы екіге бөлінген: сол арнада су Қырғызстанның Шу облысына кетеді, ал оң жағында Қазақстанға.

"Өзен арнасы неге осылай бөлінгені әлі белгісіз", - делінген басылым хабарламасында.

Фото: Жапар Усенов 

Басылым мәліметінше, биыл Қырғызстан суармалы судың жетіспеуінен зардап шегіп отыр. Осыған байланысты екі ай бұрын Шу облысының фермерлері митингілер мен наразылық акцияларына шыққан.

Қырғызстан Су шаруашылығы департаментінің ақпаратына сәйкес, екі ел Шу өзені бассейнінің ресурсын 1983 жылғы ереже негізінде бөледі. Судың 58 пайызы Қырғызстанда қалады, 42 пайызы Қазақстанға барады. 2000 жылы жаңа үкіметаралық келісім жасалған, алайда бөлінген су бөлу мөлшері өзгерген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети