18 тамыз 2016 | 14:05

Әлеуметтік желілерде өзін өмірдегіден өзгеше етіп көрсетікісі келетіндер күйзеліске жиі ұшырайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© iphones.ru © iphones.ru

Тасмания университетінің ғалымдары әлеуметтік желілерде күйзеліске ұшыраған қолданушылар мен олардың шынайы өмірде жеке тұлға ретінде күйзеліске түсудегі байланысын анықтады. Cyberpsychology, Behavior және Social Networking басылымындағы мақалаларда адамның шынайы өмірде және әлеуметтік желілерде күйзеліске ұшырауындағы айырмашық қаншалықты көп болса, олардың күйзеліске түсуі соншалықты жиі болатыны айтылады. 

Иконка комментария блок соц сети

Сондай-ақ, адамның өзінің өміріне деген ризалығы немесе күйзеліске ұшырауы олардың әлеуметтік желілерде өздерін басқаша таныстыруымен байланысты екені айтылады. Ғалымдар мұндай байланыстың себебі деп адамдардың әлеуметтік желілерде өзін басқаша етіп көрсетудің әлдеқайда аз шығынды қажет ететінін атап отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің күйзеліске аз түсетін қолданушылары шынайы өмірде өзіне сенімдірек болатыны анықталды. 

Айта кетейік, зерттеуге 18-55 жас аралығында 33 ер адам мен 131 әйел қатысты. Олардың барлығы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы екен. Қатысушылар HEXACO-60 сауалнамасын толтырған. Бұл сауалнамада адамның мінез-құлқы зерттеуге алынған. Сауалнама олардың шынайы өмірдегі бейнесін анықтау үшін қолданды. Мысалы, сауалнамада мынадай сұрақ болған: "Менің Facebook желісінде көз алдыма елестететін адамым жалғыз істеуге болатын жұмыстан гөрі, керісінше белсенділік танытатын жұмыстармен айналысқанды қалайды". Онда жауаптың екі нұсқасы болды: "иә, толықтай келісемін" немесе "келіспеймін". Сондай-ақ, адамның күйзеліске ұшырау деңгейі басқа да сынақтардың көмегімен анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети