26 маусым 2017 | 15:46

Әлеуметтік желілерде пікір жазушылардың жауапкершілігі қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Begemot.media © Begemot.media

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Альбина Әтей брифинг барысында "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға сәйкес, интернет-ресурс БАҚ қатарына жататынын, ал онда жарияланған ақпарат БАҚ өнімі болатынын мәлімдеді. 

"Осылайша, кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста, соның ішінде әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат нақтылау талаптарына сай, заңды және жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек", - дейді министрлік өкілі. 

Сондықтан заңды және жеке тұлға, ұйымдарға немесе заңмен қорғалған қоғамдық мүдделерге қайшы болатын ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе ол екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Министрлік өкілінің сөзінше, ақпаратқа қатысты қалдырған пікірлер өзге тұлғаның ар-намысына тиетін жалған мәлімет болса, ол үшін 2000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети