Алматыда ең үздік вайнерлер мен блогерлер аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Алматыда Қазақстанның танымал блогерлері мен вайнерлері марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Қазақстанның танымал блогерлері мен вайнерлері марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Медиаальянс құрған республикалық блогосферасы саласында Social Media Awards сыйлықтарды 13 номинацияда табыс етті. Енді жыл сайын өткізілетін жаңа кәсіби марапаттаудың басты мақсаты - блогосфераның өзекті трендтерін, ерекше контентті, пікірталас тудыратын топ көшбасшыларын және жылдың ең резонанс, ең маңызды оқиғаларын атап өту.

"Үздік блогерлерді біз таңдағанымыз жоқ. Халық таңдап алды. Бұл жердегі басты қазылар алқасы сіздер болдыңыздар. Өз лайктарыңызбен, өзара пікірталастарыңызбен. Бүгін сыйлыққа ие болған жеңімпаздарымызды сіздер өте жақсы тануыңыз керек", - деді Қазақстандық Медиаальянстың атқарушы директоры Совет Сеитов.

Үздік business-блогер болып Қайрат Құдайберген өзінің миллионнан астам оқырманымен атанды. Ал Данат Алиев өзінің 105 мың оқырманымен саяхаттаушы блогерлер арасында бірінші болды.

Fashion-блог номинациясында Динара Сәтжан (640 мың оқырманы бар) жеңді. Beauty - саласындағы беделді орынға Женя Гейн ие болды. Оның Іnstagram желісіндегі парақшасында 162 мың оқырманы бар. 

Қазақстандық Медиаальянстың шешімі бойынша, Instagram әлеуметтік желісінде ең үздік вайн-жоба - Yuframe тобы. Олардың парақшасына 3,3 миллион адам жазылған. Ал ең танымал балалар арасындағы блогер Амина Малғаждар ("Аминка Витаминка") танылды - 1,9 миллион оқырманы бар.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар Айжан Байзақованың telegram-арнасын атап өтті. 373 мың көрермені бар ең үздік YouTube-арнасы Jokeasses тобы болды. Танымал Facebook блогері әрі продюсер Нұртас Адамбай да марапатталды.

"Достар көп рақмет, мен Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшамда жазғандарым үшін бүгін мараппаталып отырмын. Осындай іс-шараларды ұйымдастырғандарға рақмет", - деді Нұртас Адамбай.

Блогтарын қазақ тілінде жүргізген Ләйлә Сұлтанқызын мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген блогер деп марапаттады. Ең үздік healthy-блогер Әйгерім Жами болды. Әдеби жобаға үлесін қосып жүрген Ibookyoukz те,  назардан тыс қалмады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro