30 қараша 2015 16:45

Әрбір алтыншы қазақстандық Интернетке дәретханада немесе жуыну бөлмесінде кіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© znaypravdu.com © znaypravdu.com

Әрбір алтыншы қазақстандық Интернетке дәретханада немесе жуыну бөлмесінде кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Касперский зертханасының мәліметтеріне сілтеме жасап. 


Әрбір алтыншы қазақстандық Интернетке дәретханада немесе жуыну бөлмесінде кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Касперский зертханасының мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Қазақстандық қолданушылардың 18 пайызы Желіге жуыну бөлмесінде немесе дәретханада кіреді. Мұны "Касперский зертханасының зерттеуі анықтап берген. Қазақстандықтар Интернетті жұмыста (60 пайыз), төсекте (58 пайыз), қоғамдық көлікте (39 пайыз) және көлікте (32 пайыз) де көп пайдаланады екен.

Осылайша қолданушылар Желіде үздіксіз отырып, киберқауіпке және жеке мәліметтердің ұрлануына тап болуы ғажап емес екендігі айтылады. Мұнымен қатар, қолданушылардың басым бөлігі (87 пайыз) смартфондарында маңызды мәліметті сақтайды (құпия сөз, хабарламалар, суреттер, байланыстар және құнды құжаттар), егер гаджет жоғалса оларды қалпына келтіру қиын. Сауалнамаға қатысқандардың 11 пайызы болса құрылғыны жоғалтқаннан кейін суреттер мен видеофайлдардан мәңгілікке айырылғандарын айтқан. 

"Қолданушылардың ұялы телефондарына байланып қалғандары соншалықты, олар қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетеді. Әрине, өзіміз қолданып жүрген гаджеттердің өзімізге зиян келтіретінін ойлаудың өзі ойға қонымды емес. Бірақ мұндай қауіп шын мәнінде де бар. Цифрлық құрылғының мүмкіндіктері ғана емес, қауіптері де бар. Камерасы бар құрылғы сізді аңдудың құралына да айналуы мүмкін. Сондықтан әр қолданушы өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек", - дейді Виктор Яблоков, "Касперский зертханасы" ұялы шешімдер басқармасының жетекшісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети