19 мамыр 2015 | 15:46

Барак Обама мен Билл Клинтон Twitter арқылы қалжыңдасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

twitter.com twitter.com

АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон мен қазіргі басшысы Барак Обама Twitter-дегі микроблогы арқылы бір-бірімен қалжыңдасты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон мен қазіргі басшысы Барак Обама Twitter-дегі микроблогы арқылы бір-бірімен қалжыңдасты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Билл Клинтон Барак Обамаға жаңа қолданушы ретінде амандасып, @POTUS аккаунтының Ақ үйдің қарауында қалатыны жөнінде сұрады. Обама Клинтонның сұрағының жақсы екенін, аккаунттың Ақ үйдің басшысына тиесілі екенін айтты. Сонымен қатар, Обама Клинтоннан "@FLOTUS (Бірінші ханым) аккаунтына қызығып жүрген адамдар бар ма?", - деп сұрады. 

Айта кетейік, @FLOTUS (First Lady Of The United States) аккаунты елдің бірінші ханымына тиесілі. Егер, АҚШ президенті әйел адам болса, оның күйеуі ресми түрде қалай аталатыны әзірше белгісіз.

Айта кетейік, 28 мамырда АҚШ президенті Барак Обама Twitter әлеуметтік желісінен аккаунт ашқан болатын. @POTUS (President of the United States) микроблогына жазылушылардың саны 815 мыңнан асып кетті. "Сәлем, Twitter! Бұл Обама. 6 жылдан кейін ғана маған жеке аккаунт ашуға рұқсат етілді", - деді Барак Обама алғашқы жазбасында.

Обаманың аккаунтының түпнұсқа екені бірден расталды және аккаунтта "Президент Обама, АҚШ-тың 44-ші президенті, балалары бар, үйленген" деген жазу бар. Ақ үйдің ресми Twitter парақшасы @POTUS аккаунтын растап, Барак Обаманың алғашқы жазбасын жазып отырған сәтін суретке түсіріп жүктеді. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети