06 сәуір 2022 17:03

"Бұл - біздің менталитет". Қазақстандықтар TikTok-та жаңа тренд шығарды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

"Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza айтатын Kõk tu әні TikTok-та трендке айналды. Қолданушылар тректегі "Бұл біздің менталитет қой, бұл" сөзіне қазақ менталитетінің артықшылығы мен кемшілігін көрсетіп, видео түсіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі оларға шолу жасады.


"Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza айтатын Kõk tu әні TikTok-та трендке айналды. Қолданушылар тректегі "Бұл біздің менталитет қой, бұл" сөзіне қазақ менталитетінің артықшылығы мен кемшілігін көрсетіп, видео түсіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі оларға шолу жасады.

Мысалы, осы трендке KEX HOUSE түсірген видео 2 миллионға жуық қаралым жинаған. Тиктокерлер видеода шашын бояған балаға әлімжеттік көрсету, қыз алып қашу және алып қашқан соң қыздың үлкен кісіден аттап кете алмайтынын көрсеткен. Олар мұны біздің менталитеттің өкінішті тұстарына жатқызады. 

@kex.house #kexhouse ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Ал amangeldinov_e атты қолданушы шашын бояған жігіттерге Қазақстанда "гомосексуалсың ба" деген сұрақ қойылатынын көрсеткен. Видео 47 мыңға жуық қаралым жинаған. 

@amangeldinov_e

Бұл біздің менталитет қой..

♬ оригинальный звук - eset.saduov

Нигара Асанова есімді қолданушының видеосын жүз мыңнан аса адам қараған. Ол "Қатынды бастан" деген ұғымға видео түсірген. Бойжеткен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы айтып, бұл біздің менталит екеніне күрсінеді. 

@niigara

Перевод: «это наш менталитет»☹️ инст: nigara.assanova

♬ оригинальный звук - eset.saduov

Арман Мадина деген келіншек қазақ менталитетіне келіннің орамал тағуы мен сәлем салуын жатқызды. 

@mmadinkos Сіз Сәлем салып, Орамал тағуға қалай қарайсыз?) #менталитет ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Қазақтар бір-бірінен ру сұрасып, бірдей рудан екенін білсе, бауырласып кететіні де трендке арқау болған. 

@alish_sad Бұл - біздің менталитет #рек #казахстан #fyp ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Ал kristinamaxudova есімді қолданушы Қазақстанды ұлттар бірлігі үшін жақсы көретінін жазған. 

@kristinamaxudova Обожаю Казахстан за наше единство 🤍 #fyp #fypシ #рекомендации #менталитет #казахстан ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Менталитетіміздің тағы бір ерекшелігі - отбасылар ұл баланың дүниеге келуін ерекше күтеді. 

@sajollll

Бұл біздің менталитет қой💪🏻✔️

♬ оригинальный звук - Sajol🐥

Тиктокер Нурхан Тажибай "Көшеде қызымен кетіп бара жатқан жігітке тиіспе" деп жазған.

@nurkhan_tazhibai1 Көшеде қызымен кетіп бара жатқан жігітке тиіспе))) #КөшеМенталитеті ♬ оригинальный звук - Нурхан Тажибай

Тиктокерлердің пікірінше, халал тойға шақырып, кейін шәйнекпен арақ құйған да - менталитетіміздің бір тұсы. 

@22.araya 😂😂 основана на реальных событиях #рек #казахстан🇰🇿 #менталитет #той #кокту ♬ оригинальный звук - LEVEL FILMS

TikTok-тың тағы бір қолданушысы қыз балалар ойын ашық айта алуын жақтайды.  

@aya.na_kadr2.0 #рекомендации #менталитет ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Қазақта қыз балаға көрсетілетін ерекше сый-құрмет белгісі де бұл трендте көрініс тапты. 

@imdemures біздің менталитет✨#рек #fyp ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Ал Анастасия Буковская есімді қыз шошқа етін харам санап, сыра ішетін адамдарды түсінбейтінін жазған.

@anastasiia1133 ну я правда этого не понимаю #иринакайратовна #менталитет ♬ оригинальный звук - eset.saduov

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети