04 мамыр 2021 15:39

Clubhouse ресми түрде Android-та пайда болды

Фото ©РИА Новости

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта бағдарламаға бірнеше пайдаланушы ғана кіре алады. Алайда компанияның ресми блогында алдағы апталарда Clubhouse-ты көптеген адам Android-та сынап көре алатыны айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі бета-арнадағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болғандықтан, ол жақын арада барлығына ашылады деп болжап отыр. 

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің лезде танылғаны ірі компаниялардың ұқсас қосымшалар жасауына себепші болған. Мысалы, наурызда Instagram Clubhouse аналогын жасағанын жариялады. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram