Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Clubhouse ресми түрде Android-та пайда болды 04 мамыр 2021, 15:39

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта бағдарламаға бірнеше пайдаланушы ғана кіре алады. Алайда компанияның ресми блогында алдағы апталарда Clubhouse-ты көптеген адам Android-та сынап көре алатыны айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі бета-арнадағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болғандықтан, ол жақын арада барлығына ашылады деп болжап отыр. 

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің лезде танылғаны ірі компаниялардың ұқсас қосымшалар жасауына себепші болған. Мысалы, наурызда Instagram Clubhouse аналогын жасағанын жариялады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram