CS:GO-дан қазақстандық команда бір миллион долларға таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

CS:GO-дан қазақстандық команда бір миллион долларға таласады © vk.com/avangarkz

CIS Minor Championship - Katowice 2019 турнирінде қазақстандық AVANGAR командасы бірінші орын иеленді. Финалда Қазақстаннан шыққан ойыншылар Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірінші орын үшін қазақстандық ойыншылар 30 мың АҚШ долларын және IEM - Katowice Major 2019 жарысында жолдама алды. Онда бас жүлдеге бір миллион доллар тігіледі. 

AVANGAR командасының құрамында төрт қазақстандық: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев, Бектияр Бақытов. Капитан - ресейлік Али Джами.

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) көпқолданушылары бар компьютерлік ойын. CS:GO бұрынғы Counter-Strike және Counter-Strike:Source секілді киберспорттық тәртіп бойынша жүргізіледі. Ең үлкен турнир - major жарыстары. 

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандық команда Краковта өткен киберспорт жарысында жеңімпаз атанып, 500 мың доллар ұтқан еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети