30 маусым 2019 | 11:45

Елімізде ақпараттандырудың инновациялық әдістері қаншалықты дамыған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© economic-definition.com © economic-definition.com

XXI ғасыр ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Қысқа мерзім ішінде eGov арқылы түрлі құжаттар алу, баланы мектепке немесе балабақшаға кезекке қою, Туу туралы куәлік, Неке туралы куәлік, денсаулыққа қатысты түрлі анықтамаларды алу мен айыппұлдарды тексеру жеңілдетілді. Ақпараттық инновациялық технологиялардың дамуы күнделікті өмірде көптеген септігін тигізуде. Соның бірі – Telegram желісіндегі BOT-тар. Бұл технологияның ерекшелігі – бір уақытта мыңдаған адамға желіде жауап беріп, хат алмаса алады. Мыңдаған адамның сауалына бір немесе он адамның дер уақытысында жауап беру шамасы келмейді, сол себепті бұл істі Bot атқарады. Мысалы, қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны өтіп жатыр. Түлектер қазір ҰБТ нәтижелерін Telegram-бот (EDU.GOV.KZ bot) - edu.mail.kz және Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан -testcenter.kz арқылы білуге болады.

Иконка комментария блок соц сети

Жалпы Үкімет тарапынан қағазбастылықты түпкілікті жоюға, қызмет түрлерін жеңілдетуге бағытталған шаралар айтарлықтай деңгейде қолға алынған. Солардың бірі ретінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» мемлекеттік гранты аясында заманауи ақпараттандырудың инновациялық әдістерін меңгеру және пайдалы тұстарын игеруге бағытталған онлайн курстар өткізеді.

Жобаның мақсаты - республикалық және өңірлік БАҚ-тарда жариялауды қамтамасыз ете отырып, бейнероликтер қатарын, танымал интернет-ресурстардағы мақалалар сериясын, баспа материалдарын және басқаларды қоса алғанда, әртүрлі инновациялық әдісті пайдалана отырып, ақпараттық материалдарды әзірлеу және жылжыту арқылы халықтың хабардар болуын арттыру.

Жоба аясында "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" елімізге танымал блогер, контент-менеджер және SEO мамандарымен бірлесіп, SMM және контент маркетинг; SMM және блог жазу негіздері; графикалық дизайн; презентация жасау негіздері сынды тақырыптарда курстар жүргізетін болады. Онлайн курс аясында тыңдаушылар бекітілген төрт тақырып бойынша посттар, инфографика, видеолар, презентациялар әзірлеп, әлеуметтік желілердегі аккануттарына жүктеу арқылы ақпараттық және PR науқан өткізіледі.

Науқан барысында қоғамдық кеңестер, еріктілер, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар жөнінде инновациялық әдіс арқылы ақпараттандырылады. Курсқа Қазақстанның барлық өңірінен қатысуға мүмкіндік бар және жазылу тегін, алайда орын саны шектеулі. Толық ақпаратты мына жерден алуға болады: +7 701 120 9069 (WhatsApp); +7 707 550 0470 [email protected]

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети