"Касперский зертханасы" Интернетте балаларға төнетін қауіп-қатерлер (+18 ақпарат, әлеуметтік желілердегі қауіпті топтар, онлайн-қудалау) туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Касперский зертханасы" Интернетте балаларға төнетін қауіп-қатерлер (+18 ақпарат, әлеуметтік желілердегі қауіпті топтар, онлайн-қудалау) туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ғаламдық желінің қазіргі кішкентай қолданушыларының белсенділігі ата-ананы алаңдатып отыр: "Касперский зертханасы" жүргізген сауалнамаға қарағанда, Қазақстанда ата-аналардың 57 пайыз балаларының интернетке тәуелді болуынан қауіптенеді. Ересектердің тағы осыншасы балалары Желіден олардың жасына сай келмейтін ақпаратты көреді деп қорқады. Солай бола тұра, зерттеуге қарағанда, көпшілігі балалардың интернет-қауіпсіздігі мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейді, ал Қазақстандағы ата-аналардың 18 пайызы өз балаларының Желідегі іс-әрекеті жайлы ештеңе білмейді екен.
Интернетте кәмелет жасына толмаған қолданушыларды көптеген қауіп-қатер торуылдап жүреді: балалар +18 контентпен кездейсоқ немесе әдейі жолығысуы мүмкін, бұл жерде әңгіме порнографиялық парақшалар туралы ғана емес, наркотиктер мен суицид, зорлық-зомбылық көріністері мен қауіпті хобби туралы да болып отыр. Әлеуметтік желілерде жасөспірімдер бейтаныс адамдармен жиі сөйлеседі: мұның өзі оларға қауіп төндіреді: монитордың ар жағында отырып алып, баламен оның құрдасы ретінде танысатын адамның кім екені беймәлім. Ойынқұмарлық, фишинг, зиянды бағдарламалар сияқты ересектерге тән, дегенмен балалар үшін де өзекті кең тараған қауіп-қатерлерді де ұмытпаған абзал.
"Касперский зертханасы" сарапшылары Қазақстандағы жас интернет-қолданушылар қызығатын жайттарды зерттей отырып, олардың интернет-белсенділігінің 77 пайыз қарым-қатынас құралдарына, яғни көп жағдайда әлеуметтік желілерге қатысты екенін анықтады. Қазақстандағы нөмірі бірінші әлеуметтік желі - "ВКонтакте" (оған барлық осындай сайтқа кіру көлемінің 65 пайызға тиесілі). Салыстырар болсақ, "Одноклассникиге" әлеуметтік желілерге қосылудың жалпы көлемінің 25 пайызы, Facebook желісінде тек 6 пайызы тиесілі. Әралуан қауіп-қатердің көп бөлігі осы әлеуметтік желілерде шоғырланған. Балалар үшін ең кең тараған әрі жылдам күшейіп келе жатқан қауіптің бірі - "ВКонтакте" желісіндегі наркотиктер, алкоголь, қатігездік, анорексия, порно, суицид, қару-жарақ және "впискалар" - кей жағдайларда кез келген адам қатысуы мүмкін үй кештері жайлы ақпараттары бар топтар.