1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Енді ВКонтакте желісінде Қазақстан жаңалықтары жарияланады

Енді ВКонтакте желісінде Қазақстан жаңалықтары шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желі өкілдеріне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, қолданушылар онда коронавирус туралы өзекті жаңалықтарды, сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың материалдарын, қазақстандық әртістердің қашан өнер көрсететі туралы анонстарды, блогерлердің, жұлдыздардың материалдарын көре алады.

ВКонтакте желісінің Қазақстандағы өкілі Олжас Салмұрзаның айтуынша, қазақша лента беделді ақпарат көзі болады.

"Бұл лента коронавирус және елдегі маңызды оқиғалар туралы ақпарат беретін беделді дереккөзге айналады — тексерілген жаңалықтарды республикалық және өңірлік БАҚ-тың ресми қауымдастықтары жариялайды. Сондай-ақ, Қазақстандағы ВКонтакте пайдаланушылары ойын-сауық контенті түрінде қомақты бонус ала алады", - дейді Олжас.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!