27 қаңтар 2015 13:11

Facebook пен Instagram біраз уақыт жұмыс істемей тұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Hronika.pro ©Hronika.pro

Қазақстанда бірқатар танымал интернет-сервис ашылмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атап айтқанда, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері жұмыс істемей тұрды.


Қазақстанда бірқатар танымал интернет-сервис ашылмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атап айтқанда, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері жұмыс істемей тұрды.

Қазақстанда сервистер барлық провайдерлер мен ұялы байланыс операторларындағы қолданушылар үшін ашылмады. Сонымен қатар, мобильдік қолданбалар да істемеді. Facebook пен Instagram жұмыс істемей тұрғаны жайлы хабарлама түрлі елдерден келіп жатты, мәселен, Ресей, Беларусь, Украина, АҚШ елдерінде аталған әлеуметтік желілербіраз уақытқа істемей тұрды. Сервис Астана уақытымен шамамен сағат 12.15-те істемей қалды. Қателіктер әлеуметтік желілердің серверлеріндегі ақауға байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы ресми түсініктеме берілмеді. 

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Қазақстанда танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер істен шыққан болатын. Нақтырақ айтсақ, YouTube, Facebook, Instargam және WhatsApp сервистері жұмыс істемеді. "ВКонтакте" желісі ашылып тұрды, бірақ бірқатар қызметі жұмыс істемеді. Кейін ҚР Индустрия және даму министрлігі байланыс және ақпарат бойынша бақылау басқармасының жетекшісі Руслан Әбдіхалықов бұл провайдерлердің таратылу хаттамаларының маршрутизация хаттамаларындағы қателіктерден болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети