Facebook тәліптердің парақшасын бұғаттайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook тәліптердің парақшасын бұғаттайды @Reuters

Facebook әлеуметтік желісі "Талибан" қозғалысын террористік ұйым деп санайтынын растады, сондықтан тәліптерді қолдайтын мазмұндағы ақпаратты таратуға және жариялауға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook әлеуметтік желісі "Талибан" қозғалысын террористік ұйым деп санайтынын растады, сондықтан тәліптерді қолдайтын мазмұндағы ақпаратты таратуға және жариялауға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Талибан" қозғалысына Қазақстанда Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Компания "халықаралық қауымдастық шешімін" қолдайтынын мәлімдеді. "Талибан" қозғалысына АҚШ заңына сәйкес террористік ұйым ретінде санкциялар салынған. Сондықтан Facebook қауіпті ұйымдарға қатысты саясатқа сәйкес платформаны пайдалануға тыйым салған.

"Бұл тәліптер басқаратын немесе олардың атынан жұмыс істейтін парақшаларды бұғаттаймыз және оларды дәріптеуге, қолдауға және таныстыруға тыйым саламыз деген сөз", - деді компания өкілі.

Ол Facebook-те "Талибанға" қатысты мазмұндағы ақпаратты бақылау және жою үшін сарапшылардың арнайы тобы бар екенін баса айтты.

Бұл саясат Facebook платформаларына қатысты, әсіресе Instagram мен WhatsApp.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети