Google әуе шарлары арқылы бүкіл әлемге интернет таратпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google әуе шарлары арқылы бүкіл әлемге интернет таратпақ © nu.nl

Стратосферада қалқып, бүкіл әлемге интернет тарататын Google Loon жобасының егжей-тегжейі жарияланды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стратосферада қалқып, бүкіл әлемге интернет тарататын Google Loon жобасының егжей-тегжейі жарияланды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Құрастырушылар алға қарай әр қадам жылжып, жасанды интелект арқылы жұмыс істейтін жүйе ойлап тапты. Енді Google аэростаттары сол жүйе арқылы белгіленген аймаққа ұшып барып сол жерде қалқып тұрады және ең маңыздысы Интернет таратуы тиіс. Мысалы, Пуэрто-Рико алаңынан ұшып шыққан аэростат 20 шақырым биіктікке көтеріліп, 12 күнде Перуге ұшып барды. Осыдан кейін әуе шары 98 күн бойы осы елдің төбесінде қалқып тұрды.

Қиындық туғызатын бір жәйт - ол аэростаттың тек жел арқылы ұшатындығы. Ал ең қиыны - оны орнынан қозғалмай бір орында қалқып тұруы. Мысалы, 98 күнде аэростатқа 20 мың рет түзетулер жасалған. Үш жыл ішінде Loon жобасының шарлары бірнеше миллион шақырым жерді шарлаған және осының арқасында "жасанды интелект" - аэростатты автоматты түрде басқаратын жүйе ойластырылған.

Google әлемнің барлық жеріне соның ішінде әлемнің үшінші мемлекеттеріне интернет жеткізбек. Осыған ұқсас бір жоба Facebook компаниясында да бар. Олар ұшқышсыз басқарылатын ұшақтармен интернет таратпақ. Ол күн сәулесінен қуат алады. Оның көлемі шамамен жолаушылар таситын лайнерлер сияқты болады және азаматтық авиацияға кедергі болмас үшін 20-30 мың метр биіктікте қалқып ұшып жүретін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети