Google компаниясы тиесілі Alphabet ұйымы 2016 жылдың басында Snapchat желісінің Snap бөлігін кемінде 30 миллиард долларға сатып алмақшы болды. Бұл туралы Business Insider келіссөздердің жүргізілгенін білетін үш адамға сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздер 2016 жылдың мамыр айында Snap инвестициялық раундты - 20 миллиард долларға бағалағанға дейін үш-төрт ай бұрын болған. Google компаниясы тиесілі Alphabet ұйымы осы инвестицияларға қатысқан. Соның салдарынан Snap өз акцияларын биржаға шығарды.
Google Snapchat-ты бұрындары да сатып алмақшы болған еді. 2013 жылыкомпания өкілдері мессенджер иелеріне 4 миллиард доллар ұсынған, бірақ олар кері жауап қайтарған. Қазіргі уақытта Snap 14,91 миллиард долларға бағаланады, бұл дегеніміз 2013 жылы ұсынған сомадан 3,75 есе көп. Ал 2016 жылы ұсынған сомадан екі есе аз. Google компанисының да өзінің жеке мессенджерлері бар, алайда олар қатты танымалдылыққа ие емес, олар: Hangouts, Allo, Duo.