Google компаниясы Uber сервисін технология ұрлады деп сотқа берді

24 Ақпан 2017, 09:38
0
Google компаниясы Uber сервисін технология ұрлады деп сотқа берді -

Google-дің иесі Alphabet Inc компаниясы Uber сервисін сотқа берді, - деп хабарлайды Газета.ru басылымы Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Uber пилтсыз көліктерде қолданылатын лидар технологиясын (лазер локаторы) ұрлады деген күдікке ілінген. 

БАҚ-тың мәліметінше, Alphabet Inc. пилотсыз автомобильдерге арналған технология өндіруге маманданған Waymo компаниясын құрған. Бұл компания Uber-ді және Google-дің бұрынғы қызметкерлерін лидар жүйесін ұрлады деп айыптаған.

"Бұл әрекеттерді Waymo-ның зияткер мүлкін және коммерциялық құпияларын иелену мақсатындағы нақты жоспар болды деп есептейміз", - деп келтіреді БАҚ Google өкілдерінің сөзін.

Сөйтсек, Google компаниясының экс-қызметкері Энтони Левандовски қызметінен кетуінің алдында Waymo жүйесінің түрлі аппаратының арнайы сызбалары бар 14 мыңнан аса құпия файлды ұрлап алған. Оның ішінде лидар сызбасы да бар. Кейін ол бұл материалдарды Uber-дегі стартапында қолдана бастаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай