Check Point компаниясының сарапшылары компьютерді бұзып аша алуға мүмкіндік беретін танымал видеоойнатқыштарды анықтады. Бұл туралы IT-компанияның сайтында жазылған, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Check Point компаниясының сарапшылары компьютерді бұзып аша алуға мүмкіндік беретін танымал видеоойнатқыштарды анықтады. Бұл туралы IT-компанияның сайтында жазылған, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Хакерлер фильмдерге жүктеу әдістемесі мен файлдарды өңдеуді қолданып, шабуыл жасалатын жүйеге бақылау орнатуы мүмкін. Бұл үшін қолданушының плеерде ерекше конфигурациясы бар файлды ашқаны жеткілікті екен. .
IT-мамандар шабуылдың қалай жасалатынын YouTube хостингінде "Сноуден" фильмінің мысалында көрсетіп берді. Олар хакерлердің суретті жүктеу процесін қалай қолдана алатынын көрсетті.
Бұл қауіп VLC, Kodi, PopcornTime және Stremio стриминг платформаларында бар. Check Point қазіргі уақытта шамамен 200 миллион видеоплеер мен стримерде қауіп бар деп бағалап отыр. VLC және PopcornTime платформаларында бұл ақау жойылды, ал Kodi имен Stremio осы бағытта жұмыс істеп жатыр.
Мамандар басқа да видеоплеерлерде қауіп болуы мүмкін екенін айтады, себебі Check Point тек танымалдарын ғана тексерген.