22 желтоқсан 2021 | 10:03

Халық неге 5G-ден қорқады? Сарапшы жауабы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Психолог әрі әлеуметтанушы халық 5G желісін неге зиян деп санайды және неге жаңа технологиялардан қорқады деген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Психолог әрі әлеуметтанушы халық 5G желісін неге зиян деп санайды және неге жаңа технологиялардан қорқады деген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтанушы Айман Жүсіпова жұрттың 5G байланысынан қорқуына себеп смартфондар, әлеуметтік желілер және интернет-технологиялар арқылы өздерін тыңдап, бақылап отырады деп ойлағаннан болуы мүмкін екенін айтты. Посткеңестік кеңістікте ғана емес, бүкіл әлемде көпшілігі ұялы байланыс арқылы халықты бақылап отырады деп санайды, өз кезегінде бұл дүниежүзілік қастандық теорияларының өсуіне ықпал етеді.

"Көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде және лекцияларында әлеуметтік желілердің негізін қалаушылар жалпыға бірдей цифрландыру мен ақпаратқа қолжеткізудің арты неге әкелетінін түсінбейтіндерін айтады. Халық бұл қорқыныш 5G технологиясына қаншалықты байланысты екенін ойланады. Бұл - өмірімізге еніп кеткен интернеттің кері ықпалы. Тек пандемия кезінде әлеуметтік желіні қолданушылар саны 20 пайызға, оның ішінде Қазақстанда да өсті. Бір жағынан, бұл байланысқа, ақпарат алмасуға ыңғайлы болса, екінші жағынан, жеке мәліметтер көпшілікке қолжетімді болады. Дәл сол корпорациялар бұл ақпаратты тек коммерциялық мақсатта пайдаланады, бірақ болашақта оны қалай пайдаланатыны түсініксіз. Бір жағынан, интернеттің дендеп еніп кетуіне деген қорқыныш бар, екінші жағынан, адамдар бұл технологиялардан бас тартуға әлі дайын емес", - деді Айман Жүсіпова.

Сарапшы 5G-ден қорқу адамдардың жаңа және белгісіз нәрселерден қорқуының көрінісі екенін айтты. Әлеуметтанушының айтуынша, жаңа технологияларды енгізер алдында халыққа олардың барлық артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру керек, кемшіліктер туралы айтудан қорықпау керек, өйткені адамдар өздері бірдеңе ойлап тауып алады. 

Психолог Райса Байдалиева жаңа технологиялар мен 5G туралы қорқынышты жеке адамның қабылдау ерекшеліктеріне байланысты болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, әрдайым басқаларға қарағанда қатты алаңдап жүретін адамдар бар және олар өз мәселесін сыртқа бағыттайды. Мұндай адамдар көбінесе өз мәселесін 5G мұнаралары сияқты технологиялармен байланыстырады.

"Егер адам мазасыздықты, жайсыздықты сезінсе, бірақ неден екенін нақты түсінбесе, қорқыныш пайда болады. Сонымен қатар, адамзат әрқашан жаңа технологиялардан қорқатын. Көліктер пайда болған кезде адамдар қауіп төндіреді, зиян келтіреді деп ойлады. Мен мұны компьютерлер пайда болған кезде сезіндім, ал кейбіреулері радиациядан қорқып, олардың қасына кактус немесе қорғаныш экрандар қойды. Қазір бұл күлкілі болып көрінуі мүмкін, компьютер айтарлықтай зиян тигізбейтінін білеміз. Сондай-ақ, адамдар микротолқынды пештер пайда болған кезде микротолқынды сәулеленуден қорықты. Әрқашан өзгерістерден қорқатын адамдар бар", - деді Райса Байдалиева.

Психологтың пікірінше, пайда табу мақсатында қоғамның қорқынышын күшейтуге тырысатындардың да әсерін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, Ұлыбританияда "зиян 5G радиациясына" қарсы құралдар 500-600 фунт стерлингке сатылады. Ұялы немесе магниттік сәулеленуден қорғайтын өнімдер Қытайда шығарылады.

"Нейробиология тұрғысынан алғанда, мазасыз адамдарда ми ерекше жұмыс істейді. Олар барлық жерден өздерін алаңдататын ақпарат алып, бірақ оны түсіне алмайды, сөйтіп, қорқыныштарына сүйенеді. Әрине, бұл адамның білім деңгейіне, ғылымға қарсы мифтерге қаншалықты оңай сене алатынына байланысты", - деді психолог.

Байдалиеваның айтуынша, дәл осындай адамдар белсенділік танытып, басқаларды өздерінің алаңдаушылықтары арқылы әлем туралы идеяларына сенуге мәжбүрлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети