Instagram компаниясы ашылғалы бері тұңғыш рет ірі редизайн жасады. Барлық қосымшаның логотипі өзгерді, ал Инстаграмның өзі ақ және қара түсті дизайнға өтті, - деп хабарлайды TJournal.
Instagram компаниясы ашылғалы бері тұңғыш рет ірі редизайн жасады. Барлық қосымшаның логотипі өзгерді, ал Инстаграмның өзі ақ және қара түсті дизайнға өтті, - деп хабарлайды TJournal.
2010 жылы Instagram ашылғанда оның логотипі Polaroid OneStep ретро-камерасының суреті болған еді. Бес жыл бойы танымал бола түскен қосымшаның белгісі өзгермей келді. Тек 2013 жылы сызбасы өзгеріпті.
Сервис өкілдерінің айтуынша, жаңа логотипте сервистің қалайша өзгергені және оның айналасында пайда болған көптүрлі қоғамдастықтың пайда болуы көрсетілген. Сонымен қатар, логотип бұрынғы қалпын сақтап, бірден танитындай болуы керек еді, сондықтан қазірдің өзінде бұрынғы instant-камераның детальдарын байқауға болады.
"Жұмыс барысында компаниядағы әріптестерімізден бес секундтың ішінде Instagram логотипін еске алуды сұрадық. Барлығы кемпірқосақты, объективті және көрсеткіш тетікті салды. Осы мәліметті алғаннан кейін бұл элементтерді жаңарған қалыпқа салдық, бірақ адамдар танитындай еттік әрі әртүрлілігін сақтадық", - деді компанияның дизайн жөніндегі басшысы Иен Спалтер.
iOS және Android платформаларындағы смартфондарда Instagram 11 мамырда түнгі уақытта өзгерген.
Айта кетейік, бұл қосымшаны ай сайын 400 миллион адам қолданады, олардың төрттен бір бөлігі АҚШ-та. Сервисте күн сайын 80 миллион сурет пен видео жарияланады. Ал жалпы жарияланымның саны 40 миллиардтан асқан. Күн сайын қолданушылар бұл сервисте 21 минут болады екен, күн сайын 3,5 миллиард лайк қойылады.