Instagram-да жаңа функция іске қосылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Instagram-да жаңа функция іске қосылады Сурет: ©РИА Новости

Instagram желісі бір апта көлемінде жаңа функциялар іске қосылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Instagram желісі бір апта көлемінде жаңа функциялар іске қосылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

19 қазаннан бастап әлеуметтік желіде Collabs функциясы пайда болды. Компания бұл функцияны шілдеден бастап сынақтан өткізді. Желі қолданушысы жазба жариялаған кезде басқа қолданушыны бірлескен автор ретінде таңдай алады. Яғни жазба екеуіне ортақ болады, соған сай пікір де, қаралым да, лүпіл де ортақ болады.

Жарнама
Жарнама

20 қазаннан бастап Instagram-да коммерциялық емес ұйымдарға өз мақсаты үшін қаражат жинау функциясы пайда болды.

21 қазаннан бастап Instagram қолданушыларға суреттер мен видеоларды компьютерден бір минутқа жетпей, қосымшаның көмегінсіз жариялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгіннен бастап Reels-те жаңа мүмкіндіктер пайда болады, ол - әннің 3D сөзі.

Бұған дейін Instagram желісі қолданушыларға қосымшада ақау болған жағдайда хабар беретін функцияны сынақтан өткізе бастады. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарландыру ғаламдық деңгейде ақау болғанда ғана жіберіледі. Олар жаңа нұсқаны әлеуметтік желіде бірнеше ай бойы АҚШ-та тексеруді жоспарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама