12 қазан 2021 13:33

Instagram істен шыққанда қолданушыларға хабарлама жолданады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©РИА Новости Сурет ©РИА Новости

Instagram желісі қолданушыларға қосымшада ақау болған жағдайда хабар беретін функцияны сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Instagram желісі қолданушыларға қосымшада ақау болған жағдайда хабар беретін функцияны сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарландыру ғаламдық деңгейде ақау болғанда ғана жіберіледі. Сонымен қатар, компания қолданушыларға жариялаған жазбаның әлеуметтік желі ережелерін бұзуы мүмкін екенін ескертуді жоспарлап отыр.

"Бүгін адамдарға инстаграмдағы ақаулар мен парақшаларының статусы туралы қосымша ақпарат алуға көмектесетін екі жаңа функцияны жариялаймыз. Қазір техникалық ақаулар болғанда және жойылған кезде хабарлайтын жаңа функцияны сынап жатырмыз", - делінген хабарламада.

Олар жаңа нұсқаны әлеуметтік желіде бірнеше ай бойы АҚШ-та тексеруді жоспарлап отыр.

"Біз "Парақшаның күйі" деп аталатын жаңа функцияның арқасында парақшаңызда не болып жатқанын білуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бұл функцияның көмегімен өзіңіздің парақшаңызда не болып жатқанын және контенттің таралу ауқымын біле аласыз", - деді компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети