Instagram-да жаңа функциялар пайда болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-да жаңа функциялар пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Instagram басшысы Адам Моссери жаңа функциялар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram басшысы Адам Моссери жаңа функциялар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Restrict функциясы басқа пайдаланушыларға шектеу қоя алады. Instagram қызметкерлерінің мәліметінше, бір адаммен өмірде араласып, бірақ әлеуметтік желіде бұғаттап тастасаң, бұл жағдайды қиындатуы мүмкін. Сондықтан енді жаңа функция арқылы пайдаланушыны шектелген тізімге қосқаннан кейін аккаунт иесінің жазбаларына жазған пікірін ол тек өзі көреді. Сондай-ақ, хабарлама жіберген адам оны оқыды ма, жоқ па - көре алмайды. 

Instagram-дағы жаңа қызметті жақын арада тексеру жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, тағы бір функция - кей қолданушыларға жағымсыз пікірлер қалдырудан бас тартуға шақыратын функция пайда болды. Ол жасанды интеллектке негізделген. Бұл функция желі қолданушыларының кейбіреуінде жұмыс істеп тұр. 

Tengrinews.kz порталының Instagram желісіндегі парақшасына жазылыңыздар! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети