Instagram желісінде суреттердің жариялану тәртібі өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісінде суреттердің жариялану тәртібі өзгереді © Obozrevaka.com

Instagram әлеуметтік желісіндегі суреттер енді басқа тәртіппен жарияланады. Бұл туралы компанияның блогында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram әлеуметтік желісіндегі суреттер енді басқа тәртіппен жарияланады. Бұл туралы компанияның блогында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір лентадағы хабарламалар хронологиялық негізде жарияланады. Болашақта лентаның жаңаруы Facebook желісіне ұқсатылады.

Instagram өкілдері лентаның бірнеше факторға тәуелді алгоритм бойынша құрылатынын айтты. "Егер сіздің сүйікті әншіңіз түнгі концертте түсірілген видеоны бөліссе, ол сіз оянғанда лентаңызда тұрады. Сонымен қатар, сіздің құрбыңыз күшгінің суретін жарияласа, сіз мұны жіберіп алмайсыз", - делінген компания хабарламасында.

Алгоритм біртіндеп өзгертіледі. Жақын арада Instagram лентаны ең танымал суреттер мен видеолар негізінде жаңартуға көшеді. Ары қарай алгоритм қиындатылады.

"Сіздер мына жайды естігенде таңғаласыздар, адамдар орташа есеппен лентасының 70 пайызын жіберіп алады. Қазір Instagram өсті, суреттер мен видеолардың барлығын бақылап отыру қиын. Бұл сіздердің маңыздырақ посттарды көрмейтіндеріңізді көрсетеді", - делінген Instagram хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети