Instagram желісінде жаңа функциялар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісінде жаңа функциялар пайда болды © Mashable

Instagram құрастырушылары жаңа функцияларды енгізді. Оның арқасында қолданушылар өзара байланысты жақсартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның блогына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram құрастырушылары жаңа функцияларды енгізді. Оның арқасында қолданушылар өзара байланысты жақсартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның блогына сілтеме жасап. 

"Сіздер достарыңызбен қарым-қатынас жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін көресіздер және Instagram желісінде бақылайтын адамдарыңызбен тығыз байланыс орнатасыздар", - делінген блогта. 

Енді Stories жүйесіне стикерлерді қосуға болады, бірақ уақытын өзіңіз таңдайсыз. Құрастырушылардың айтуынша, бұл достарға әсерлі сәттерді бірге санауға көмектеседі. Уақыты аяқталғанда қосымша арнайы хабарландыру жібереді. 

Сонымен қатар, Stories-те жарияланған жазбаларға жауап ретінде әуен қосу мүмкіндігі пайда болды. Stories-ті әзірлеуге таңдалған әуен фото не видео қарау кезінде шырқалады, ал авторы жазбаның бетіне шығады. 

Ал онлайн-эфир кезінде қолданушылар сұрақтарын стикерге жазып жібере алады. Осылайша, достардың сұрағы пікір қалдырушылардың арасында жоғалып кетпейді. 

"Өзіңіздің сүйікті блогеріңізден сән жайлы, мерекелік макияжды қалай жасау керектігін сұраңыз, ол сізге практика жүзінде жауап береді", - дейді құрастырушылар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети