Instagram желісінен қателік тапқан оқушы 10 мың долларға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісінен қателік тапқан оқушы 10 мың долларға ие болды © Guardianlv.com

Финляндиялық 10 жастағы бала Facebook желісінен кемшілікті тапқан ең жас хакер атанды. Бұл туралы VentureBeat басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндиялық 10 жастағы бала Facebook желісінен кемшілікті тапқан ең жас хакер атанды. Бұл туралы VentureBeat басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

Яни есімді бала Instagram желісінен басқа қолданушылардың пікірлерін өшіре алатын мүмкіндіктің бар екенін анықтады. Ол бұл туралы қызмет көрсету басшылығына хабарлаған. 2016 жылдың ақпан айында бұл қателік жойылды, ал наурызда Яниге сыйақы ретінде 10 мың доллар берілді.

Жас хакердің айтуынша, қызмет көрсетудегі қауіпсіздік туралы ол YouTube арнасындағы роликтерден үйренген. "Мен кез келген адамның пікірін өшіре алатынмын. Тіпті, Джастин Бибердің де", - деді ол. Болашақта Яни ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Facebook-тен алған сыйақысына Яни жаңа велосипед, футбол жабдықтарын және өзінің екі ағасына компьютер алатын болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети