Ұлттық банктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында интернет-банкингтің көмегімен алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жайлы ролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында интернет-банкингтің көмегімен алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жайлы ролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Интернеттегі алаяқтық киберқылмыстың барынша таратылған түрлеріне айналды. Мысалы, көп адам Интернет-банкингті пайдаланады. Оны Интернет-алаяқтар да біледі, олар сенгіш пайдаланушыларды алдаудың көптеген тәсілдерін ойлап тапты. Роликте өзіңді қаскүнемдерден қорғауға мүмкіндік беретін бірнеше қарапайым кеңес берілген", - делінген видеоның сипаттамасында.
Сондай-ақ, видеоның авторы аниматор Глеб Пономарев пен суретші Екатерина Энзо екені белгілі болды. Олар онда алаяқтардан қорғауға мүмкіндік беретін қарапайым кеңестер береді.
Видео авторы Глеб Пономаревтың айтуынша, ол бұл роликті қазақстандықтарға интернет-банкинг қауіпсіздігі мәселесін түсіндіру үшін және осындай келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін ойлап тапқан.