Желіде жаңа вирус пайда болды, - деп хабарлайды Lenta.ru McAfee компаниясының сайтына сілтеме жасап.
Желіде жаңа вирус пайда болды, - деп хабарлайды Lenta.ru McAfee компаниясының сайтына сілтеме жасап.
Компанияның мамандары Google Play-дағы LeakerLocker қосымшасында қауіпті вирустың бар екенін анықтаған. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында да жазылған.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, LeakerLocker қолданушылардың жеке мәліметтерін мүлдем шифрламайды, керісінше, білдіртпей оның көшірмесін жасап алады. Сондықтан кез келген сәтте қолданушының жеке мәліметтеріне оның ұялы телефонында сақталған адамдарға және электрондық поштасымен тіркелген гаджеттерге дейін тарап кетуі мүмкін. Осылайша, өздеріне қатысты жеке мәліметтер басқа біреулерге тарап кетпес үшін қолданушыларға алаяқтарға 50 доллар төлеуге тура келеді.
Басылымның мәліметінше, мамандар Google Play-дан екі осындай қауіпті бағдарламаларды анықтаған - Booster & Cleaner Pro мен Wallpapers Blur HD.