15 қазан 2014 | 19:01

Жоғалып кеткен балалар туралы сайтты жасау кешеуілдеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жоғалған балалар туралы ақпараттар жарияланатын MissingKids.kz сайтын жасау кейінге қалдырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавқат Сабыров айтты. Дегенмен ол жоғалған балалар туралы мәліметтер жинастыру қауымдастық жұмысының бір бағыты болатынын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Жоғалған балалар туралы ақпараттар жарияланатын MissingKids.kz сайтын жасау кейінге қалдырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавқат Сабыров айтты. Дегенмен ол жоғалған балалар туралы мәліметтер жинастыру қауымдастық жұмысының бір бағыты болатынын айтты.

"Бізде бәрі кешеуілдеп жатыр. Бастапқыда біз із-түссіз жоғалған 5000 баланың мәліметтер базасын жасауды жоспарлағанбыз. Бірақ әрбір балаға 155-ке жуық жазбадан келеді. Демек, барлығы миллионға жуық жазба. Бұл - мәліметтер базасын жасау кәсіби көзқарасты талап етеді деген сөз. Оған тиісті қаражат та қажет - бір немесе біржарым миллион теңге. Қазір сол ақшаны іздестіріп жатырмыз", - деді Сабыров. 

Оның айтуынша, жобаның бастамашылары Білім және ғылым министрлігіне үш жылдан бері бірнеше рет өтініш жасаған, бірақ әзірше қандай да бір нәтиже болмай тұр. "Біз үмітімізді үзбейміз. Қаражатты табуға тырысамыз - я өз қаржымызға жасаймыз, я демеуші табамыз. Жоғалған балалар туралы ақпараттары бар сайтты қалайда іске қосамыз", - деді ол. Еске сала кетейік, MissingKids.kz сайтын 2014 жылдың қыркүйегінде іске қосу жоспарланған болатын. Портал Қазақстанда жоғалып кеткен барлық бала туралы өзекті мәліметтерден тұрмақ. Мәліметтерді Қазақстанның Бас прокуратурасы ұсынатын болады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети