Канадалық дәрігердің TikTok-тағы маска туралы видеосы 3 миллионнан аса қаралым жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық дәрігердің TikTok-тағы маска туралы видеосы 3 миллионнан аса қаралым жинады

Канадалық тіс дәрігері Оливия Цуй TikTok-та пайдалы видео түсіріп, бөлісті. Онда маман маска бетті толығымен жауып тұратындай оның дұрыс тағу жолын көрсетеді, - деп хабарлайды Insider.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадалық тіс дәрігері Оливия Цуй TikTok-та пайдалы видео түсіріп, бөлісті. Онда маман маска бетті толығымен жауып тұратындай оның дұрыс тағу жолын көрсетеді, - деп хабарлайды Insider.

Маска тым үлкен болса, ол бетті дұрыс жаппайды, нәтижесінде ауа өткізеді, бұл оның тиімділігін азайтады. Оливия Цуй жағдайды қалай түзеуге болатынын көрсетті.

Дәрігер видеода масқа тақпас бұрын қол жуу керек екенін айтты. Кейін ол қорғаныш құралын бүктеп, екі жағындағы резеңкесін кезек-кезек масканың өзіне жақын қылып буады. Содан кейін матаның шығып тұрған бұрышын дұрыстаған соң таға беруге болады. Осылайша бетперде бетке тығыз тұрады.

@oliviacuidmd

Highly requested 60s version of my viral mask hack ##fyp ##doctorsoftiktok ##masktutorial ##covid19 ##viral ##maskhack ##learnontiktok

♬ original sound - oliviacuidmd

Видео TikTok-та нағыз вирусқа айналды, ол 3,4 миллионнан астам рет көрілген. Сондай-ақ, 400 мыңнан аса лайк және жақсы пікірлер жинаған.

Сонымен қатар, америкалық тележүргізуші Кэти Курик пен Голливуд актрисасы Кристен Белл Instagram-дағы аккаунттарда видеоны бөлісті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети