02 сәуір 2018 | 10:14

Қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунттарын жою жолдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © pexels.com Иллюстрациялық сурет © pexels.com

Құпия сөзін білмеген жағдайда қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын қалай өшіруге болады? Tengrinews.kz материалында жинақталған тәсілдерге назар салыңыздар. 


Иконка комментария блок соц сети

Құпия сөзін білмеген жағдайда қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын қалай өшіруге болады? Tengrinews.kz материалында жинақталған тәсілдерге назар салыңыздар. 

Instagram

Бұл желіде адамның өліміне байланысты екі тәсіл бар. Мәселен, сіз Instagram желісінен көз жұмған адамға тиесілі аккаунтты байқап қалдыңыз, қолдау қызметіне хабарласып, естелік статусын орнатқыза аласыз. Мұны мына сілтеме арқылы өтіп жасай аласыз. Бұл үшін адамның қайтыс болғанын дәлелдеу керек, некрологқа немесе мақалаға сілтеме. 

Сіз ол адамның туысы болсаңыз, Instagram парақшасындағы аккаунттың жойылуын сұрай аласыз. Ол үшін жақын туыс екеніңізді дәлелдеу керек: марқұмның туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы куәлігі, жергілікті заңнама бойынша сіз марқұмның заңды өкілі және мүлкін үлестіруші екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Аккаунтты жоюды талап ету үшін мына сілтеме арқылы өтіп, көрсетілген форманы толтыру керек. 

Facebook

Бұл әлеуметтік желіде де қолданушы туралы естелік үшін аккаунтты сақтап қою мүмкіндігі бар. Мұны мына сілтеме арқылы өтіп істеуге болады. Ал жақын адамның аккаунтын жою үшін мына сілтеме арқылы өту қажет. Бұл үшін туыстығыңыз бен адамның көз жұмғанын дәлелдеу қажет. 

Бұдан бөлек, Facebook марқұмның өз парақшасында бөліскен материалдарын ұсына алады, мәселен, суреттер мен жариялымдар. Ол материалдар марқұм өзі бөлісіп кеткен адамдар үшін ашық. Сирек жағдайда әлеуметтік желіден аккаунт пен материалдар туралы қосымша ақпарат талап етуге болады. Ол үшін өкілетті тұлға екеніңізді (мысалы, отбасы мүшесі) дәлелдеу және сот қаулысы қажет. Бұл сұранысты мына жерде толтыруға болады. 

Одноклассники

Бұл әлеуметтік желінің әкімшілігі марқұмның аккаунтын туыстарының арнайы сұранысы бойынша жояды. Бұл үшін марқұмның әлеуметтік парақшасына сілтеме және хатқа қайтыс болғаны туралы куәлікті бекіту қажет. Егер сіз сілтеме таба алмасаңыз, марқұмның тегі, жасы, тұрған қаласын көрсету қажет. Мұндай сұранысты мына сілтеме арқылы өтіп толтыруға болады. Сонымен қатар, сайт әкімшілігі сізге марқұмның аккаунты туралы қандай да бір мәліметтер, соның ішінде, логин мен құпия сөзін бермейді. 

ВКонтакте

Мұнда да әлеуметтік желі әкімшілігі туыстардың сұранысын қарастырады. Бұл үшін марқұмның суретін немесе қайтыс болғаны туралы куәлікті қажетті түрде толтырылған өтінішпен бірге тіркеп жіберу керек. Оны мына сілтеме арқылы өтіп жасай аласыз. 

Twitter

Қолданушы көз жұмған жағдайда Twitter әкімшілігі оның тіркеу жазбасын өшіре алады. Ол үшін мына сілтеме арқылы марқұмның мүрагерлік құқын иеленуші немесе жақын туысы сұраныс жолдау керек. 

Сұраныс жолданғаннан кейін әкімшілік электронды пошта арқылы сізге қосымша ақпарат туралы нұсқаулық жолдайды (оның ішінде тапсырыс берушінің жеке куәлігінің көшірмесі және марқұмның қайтыс болғаны туралы куәлік). Бұл құжаттар көрілгеннен кейін бірден жойылатынына кепіл беріледі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети