Mesuaring the Information Society әлем елдеріндегі Интернеттің сапасы мен дамуының рейтингін жасады.
Mesuaring the Information Society әлем елдеріндегі Интернеттің сапасы мен дамуының рейтингін жасады.
Мамандар Интернеттің сапасын 10 балдық шкаламен өлшеді. Баға беру кезінде жылдамдық, Интернетке кіру мүмкіндігі, Интернетке қосылуға болатын құрылғылардың таралуы, қызметтің құны есепке алынды. Рейтингте 8,93 ұпаймен Оңтүстік Корея көш бастады. Екінші және үшінші орындарды 8,88 және 8,86 ұпайлармен тиісінше Дания және Исландия елдері алды. Одан кейін Англия мен Швеция тұр.
Рейтингті қорытындылайтын 163 - 167 орындардағы бестікке Малави (1,61 - балл), Мадагаскар (1,51), Эфиопия (1,45), Эритрея (1,22) және Чад (1,17) кірді. Қазақстан 6,20 балмен 58-ші орында тұр. Тізімде Қазақстан Румыниядан бір саты жоғары, ал Коста-Рикадан бір саты төменде. Рейтингте Ресей 45-ші, Беларусь - 38, Қырғызстан 126-ші орынды алды.