31 наурыз 2015 16:56

Қазақстанда балалардың 66 пайызы порносайттарға кемінде бір рет кіріп көрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©personal-prestige.ru ©personal-prestige.ru

Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан астамы интернет-чатта отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Касперский зертханасы" зерттеуіне сілтеме жасап. Қазақстанда қолданушылар порносайттар мен онлайн-казиноға жиі кіреді.


Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан астамы интернет-чатта отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Касперский зертханасы" зерттеуіне сілтеме жасап. Қазақстанда қолданушылар порносайттар мен онлайн-казиноға жиі кіреді.

Балалардың Желідегі әрекетін бақылау бойынша жаһандық зерттеуге сәйкес, елімізде жасөспірімдердің 66 пайызы бір рет болсын порносайттарға кіргісі келген, 51 пайызы чатта отырады және тағы 30 пайызы онлайн түрде құмар ойындар ойнаған. Ал әлемдік масштабта балалардың арасында қауіпті контентке Ресей тұрғындары (16 пайыз), Үндістан тұрғындары (13,4 пайыз) және Қазақстан (0,97 пайыз) тұрғындары кірген.    

Бірақ жағымсыз контентке кірген балалардың санына емес, сұранымның жиілігіне назар аудару керек. Балаларға зиянды категорияларға деген сұраныстың жиілігі арқылы қазақстандық жасөспірімдердің неге қызығатынын білуге болады. Балалардың көбі құмар ойындарға қызығады, орташа есеппен бір қолданушы жылына қауіпті контентті 121 рет іздейді екен. Бұл көрсеткіш әлем бойынша есептелген сұранымдардан алты есеге көп. Сонымен қатар, Қазақстандағы балалар "ішімдік, темекі, есірткі" категориясындағы сайттарға қызығады (107 сұраным), бірақ жасөспірімдеріміздің "порно" категориясына деген қызығушылығы әлем бойынша көрсеткішке қарағанда төмен екені байқалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети