Қазақстанда белгісіз біреулер Facebook желісінде министрліктің атынан аккаунт ашты

15 Шілде 2015, 14:30
0
Қазақстанда белгісіз біреулер Facebook желісінде министрліктің атынан аккаунт ашты - © mygazeta.com
© mygazeta.com

Белгісіз біреулер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің атынан Facebook әлеуметтік желісінде аккаунт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде ашылған аккаунт "Денсаулық сақтау министрлігі" деп аталған.

"Белгісіз адамдар Facebook әлеуметтік желісінде ашқан "Денсаулық сақтау министрлігі" аккаунты фейк болып табылады. Ол жерде орналастырылған кез келген ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми позициясы емес. Бүгінгі таңда Facebook әлеуметтік желісіндегі ҚР ДСӘДМ ресми аккаунты https://www.facebook.com/pages/Министерство-здравоохранения-и-социального-развития-Республики-Казахстан/196849530492917 мекенжайында орналасқан", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгісіз біреулердің Facebook желісінде вице-министрдің атынан аккаунт ашқаны хабарланған болатын. Ол кезде министрліктер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекованың бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің ешқайсында аккаунтының жоқ екенін мәлімдеді.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай