Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда Интернет-казино қызметі заңсыз деп танылуы мүмкін

04 Наурыз 2014, 17:31
0
Фото ©sharpei-york.ru. сайтынан алынды
Фото ©sharpei-york.ru. сайтынан алынды
Қазақстанда Инретнет-казина қызметін заңсыз деп тану тетігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевқа сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Соңғы жылдары заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстар саны өршіп келеді. Мысалы, Қаржы полициясы органдары 2010 жылы - 34, 2011 жылы - 51, 2012 жылы - 483, 2013 жылы - 500-ден астам ойын бизнесі саласындағы қылмыстарды анықтаған", - деді агенттік басшысы Мәжілісте ойын бизнесі мәселелеріне арналған заң жобасын таныстыру барысында.

Агенттік басшысы Тастанбек Есентаевтың айтуына қарағанда, 2012-2013 жылдар аралығында елімізде 78 жасырын ойынхана анықталып, 208 заңсыз ойын автоматтары залдарының жолы кесілген. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 5 есеге артық. "Осыған орай, құқықтық ақауларды жоюды қарастырып отырмыз. Бұл ретте ең алдымен Азаматтық іс жүргізу кодексінде Интернет-казино қызметін заңсыз деп тану ұсынылады", - деді агенттік төрағасы.

Бұдан бөлек, заң жобасымен ойын бизнесі үшін салық алымын арттыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, құжатта букмекер кеңсесі және тотализатор кассаларынан алынатын салық 75 айлық есептік көрсеткіштен (138 900 теңге) 150 айлық есептік көрсеткішке дейін (277 800 теңге) ұлғаятын болады. Бұдан бөлек, букмекер кеңсесі мен тотализатордың электрондық кассасына салынатын салық 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін (3 млн. 704 мың теңге) жетеді.

"Бұл ретте электронды кассаға салықты арттыру көпшілік пайдаланатын жұмыс режиміне негізделген. Сонымен қатар, орта есеппен алғанда Интернет-ресурс арқылы бәс тігуге тіркелген қатысушылардың саны 200 мың адамға жетеді әрі олардың 50 пайызы тұрақты қатысушылар болып табылады. Әлеуметтік сауалнама деректері бойынша бір қатысушының орташа ставкасы айына 5 000 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта салық органдарында 31 букмекер кеңсесінің электрондық кассасы тіркелген, ондағы салық түсімдері - жылына 48 млн. теңгені құрайды. Ал салық ставкасын өзгертумен байланысты электрондық кассаларды 6 есеге дейін қысқарту күтілуде, бұл ретте салық түсімдері 5 есеге өседі", - деп түсіндіреді заң жобасын әзірлеуші тарап.

Сонымен қатар, заң жобасы арқылы интернет-казино жұмысын жарнамалауға да тыйым салу көзделеді.
"Атап айтқанда, "Жарнама туралы" Заңға Интернет-казино жарнамасына тыйым салу туралы ереже бекітіледі. Бұл ретте көптеген Интернет-ресурстарда, өзге Интернет-ресурстарды жарнамалайтын не казиноны онлайын ойнауға мүмкіндік беретін Интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын баннерлер орналастыруға жол берілмейді", - дейді Т. Есентаев.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай