Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингте өз позициясын бірден 21 орынға көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингте өз позициясын бірден 21 орынға көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Speedtest Global Index мәліметтері бойынша, әлемдегі мобильді кең жолақты интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы (ең жоғары және ең төмен жылдамдық арасындағы орташа көрсеткіш) бір жыл ішінде 38,3 пайызға артып, қаңтарда секундына 29,62 мегабит болған. Қазақстанда бұл көрсеткіш бірден 48 пайызға, секундына 18 мегабитке дейін артқан. Бұл - Орта Азия елдері арасындағы үздік көрсеткіш.
Қазақстаннан кейін Қырғызстан (секундына 17,4 мегабит) және Өзбекстан (секундына 13,8 мегабит) тұр. Мобильді кең жолақты интернет жылдамдығы рейтингінде Қазақстан 2022 жылдың қаңтарында 140 елдің ішінде 112-орыннан 91-орынға, яғни бірден 21 сатыға көтерілген.
Елімізде интернеттің дамуына көп қаражат бөлініп жатыр. Республиканы дамыту және цифрлы технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жобалардың бірі - "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы. Пандемияға және жүктеме артқанына қарамастан, елдің ұялы байланыс операторлары байланыс сапасын сақтап қана қоймай, жақсартты.
Маңызды жобалардың бірі - "250+". Оның аясында қазақстандық операторлар желілерді бірлесіп пайдалану шарты бойынша халық саны 250 адамнан асатын ауылдарды мобильді кең жолақты интернетке қосады. Операторлар желі құрылысына қаражат бөледі және ЦДИАӨМ бастамасының арқасында салық преференциялары түрінде инвестициялардың қайтарымын алады.
"250+" жобасы шеңберінде ауылдық жерлерге интернет орнату, қала және ауыл халқы арасындағы цифрлы теңсіздікті жою, ауыл тұрғындарын заманауи коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету үшін қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!