23 қыркүйек 2016 10:43

Қазақстанда ұлттық стикер-эмодзилер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұлттық стикер-эмодзилер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда ұлттық стикер-эмодзилер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

iOS 10 операциялық жүйесі жаңарғаннан кейін Қазақстан тұрғындары ұлттық стикер-эмодзилерді қолдана алатын болды. Тегін стикерлер пакеті AppStore-дың iMessages (немесе "Хабарламалар") тараушасында "Қазақ эмоджилері" деген атаумен пайда болды.

Ұлттық эмодзилер НИМОДЖИ® жобасын жасаумен 6 елдің көпұлтты командасы айналысқан. 

"Стикерлерге айналған кейіпкер Қазақстанның мәдени дәстүрлерінің негізінде жасалды. Оның есімі - Айбала. Ол көңілді, белсенді әрі оптимист. Оның бойынан адамға тән барлық эмоцияны табасыз, сондықтан көңіл-күйді бұл кейіпкер арқылы дөп басып көрсетуге болады", - деді Nimoji Software Limited компаниясының өкілдері. 

Тегін жиынтықта 21 стикер бар және оны AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Ал таяуда оның ақылы түрлері шығады екен. Құрастырушылар алдағы уақытта стикерді iOS және Android платформаларындағы барлық мессенджерде қолдануға мүмкіндік жасайтын қосымша ашқысы келеді. 

Nimoji Software Limited өкілдерінің айтуынша, жолданған стикерлерді көру үшін әңгімелесушіге қосымшаны орнату міндетті емес. Компаниядағылар әйел қолданушыларды да назарсыз қалдырмайды екен - таяуда Айбаланың Ақсәуле есімді досы пайда болады. 

Пакетті мына сілтеме арқылы көшіріп алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети