27 желтоқсан 2023 | 09:43

Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мәліметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасы талданғанын хабарлады.

"2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7 пайыздан 57,3 пайызға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды", - делінген хабарламада.

БҚДА мәліметінше, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан аса тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.

"Осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын. Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді.

Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.19  course up  539.22  course up  5.29  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer