2027 жылға дейін Қазақстандағы жолдардың барлық учаскесі интернет және ұялы байланыспен қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2027 жылға дейін Қазақстандағы жолдардың барлық учаскесі интернет және ұялы байланыспен қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин республикалық жолдар учаскелерінде интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігі мәселесіне қатысты пікір білдірді.
"Келесі маңызды оқиға – республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың ұялы байланыс пен интернетке қосылуы. Қазіргі уақытта интернет бұл жолдардың 25 пайызында ғана қолжетімді. Ал ұялы байланыс 86 пайыз болады. 2027 жылға дейін бұл жолдардың 100 пайызы интернет және ұялы байланыспен қамтылады", - деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, Мусин республикалық маңызы бар қалаларда 5G технологиясын енгізу жұмыстары туралы айтты.
"Әлемдегі ескірген 3G мыс кабель технологиясын ескере отырып, оны 2027 жылға дейін толық ауыстырамыз. Сондай-ақ, 4G мобильді технологиясын 100 пайызға, ал оптикалық инфрақұрылымды 90 пайызға арттырамыз. Сонымен қатар, 2027 жылға дейін 5G технологиясының үлесін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 75 пайызға, ал облыс орталықтарында 60 пайызға арттырамыз", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!