iOS және Android операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін планшет компьютерлерге арналған Қазақстанның әсем жерлері жайлы "Краски Великой Степи" (Colors of Great Steppe) қосымша-фотоальбомы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
iOS және Android операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін планшет компьютерлерге арналған Қазақстанның әсем жерлері жайлы "Краски Великой Степи" (Colors of Great Steppe) қосымша-фотоальбомы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мобильді қосымша - осы аттас ірі баспа жобасының жалғасы. Бұл серияның аясында төрт фотоальбом жарық көрді - "Устье родословной", "Зеркало мира", "Жетысу. Обретенный рай" және "Сары-Арка - сердце Евразии" Атырау, Жамбыл, Алматы және Қарағанды облыстары жайлы. Қазірде Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары жайлы альбомдар дайындалып жатыр, ал Павлодар мен Қызылорда облыстары жайлы альбомның түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын. Қазақстанның қалған облыстары жайлы басылымдарды 2016 жылы шығару жоспарланған. Жоба қорытынды альбомның шығуымен аяқталады, оған Қазақстанның ең үздік суреттері кіреді. Шамамен жалпы бес мың сурет шығады.
"Жетісу. Табылған жұмақ" фотоальбомы (Алматы облысы). Іле Алатауы. Алмалы бақтың гүл ашуы.
Мобильді қосымша-фотоальбомда жоғарыда аталған басылымдардан мыңнан аса сурет болады. Мұнда Қазақстанның төрт облысы табиғат, тарих және этнография аспектілерінде қамтылады. "Жобаның мақсаты - отандық және шетелдік аудиторияға табиғаттың бірегейлігі мен байлығын, тарихтың тереңдігін, Қазақстанның ерекше әрі көпқырлы мәдениетін заманауи фотографиялық өнердің мүмкіндіктері арқылы көрсету. Альбом шыққан соң көп адам өз отанының жаңа қырларын таныды. Олар таңғалып, масаттанды. (...) Бұл сыртқы әлем үшін абыройлы жоба. (...) Қазақстанның әр өңірі - табиғат пен мәдениеттің қазынасы, бұл халқымыздың нағыз байлығы, біз оны қорғап қана қоймай, ұрпағымызға қалдыруымыз керек, сонымен бірге бүкіл әлемге мақтанышпен көрсетуіміз керек", - деді автор әрі жоба жетекшісі Борис Чердабаев.
"Жетісу. Табылған жұмақ" фотоальбомы (Алматы облысы). Шарын өзені каньоны. Құртоғай.
Ол басылып шыққан нұсқа мен мобильді қосымша нұсқасында тек эксклюзивті фотоматериал қолданылғанын айтты. Әр альбомды жасауға бір жылдан уақыт кеткен. Альбом жасау кезінде қазақстандық фотографтар Николай Постников пен Олег Белялов табиғатты, жануарлар және өсімдік әлемін әртүрлі климаттық жағдайда көрсету үшін маусымдық фотоэкспедиция жасады. Сонымен бірге, альбомның басылып шыққан және электронды нұсқаларында суреттер қазақстандық ақын Бақыт Қайырбековтың түсірілім жерлерінде жазған өлеңдерімен бірге берілген.
"Жетісу. Табылған жұмақ" фотоальбомы (Алматы облысы). Жоңғар Алатауы. Суаттау таулары. Ақбайтал шатқалы.
"Біз түсіріп шыққанның барлығы - жоғалып бара жатқан болмыс. Кететін, мәңгілікке кететін дүниелер бар. Табиғи, мәдени объектілер. Біз соның барлығын түсіріп алуға тырысамыз. (...) Альбомдардың арқасында адамдар оған назар аударып, мәдениетін сақтаса екен", - дейді фотограф Постников. Әр альбомда облыс туралы ақпарат жазылған бет бар. Мобильді қосымша-фотоальбом ақылы, бірақ тегін жүктеуге болатын шектелген (64 сурет) нұсқасы бар. Бағдарлама мәзірі ағылшын және орыс тілдерінде. Ұйымдастырушылар жобаны EXPO-2017 көрмесіне қоюды жоспарлап отыр.