"Қазақтелеком" үй Wi-Fi-роутерінің осалдығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақтелеком" үй Wi-Fi-роутерінің осалдығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ желісінде қауіпсіздікке қатысты қандай да бір ақаулар жоқ. Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де клиенттерден байланыс орталығына немесе әлеуметтік желі арқылы құрылғылардың қызмет көрсетпеуіне немесе ақау бары туралы жаппай шағым түскен жоқ. "Қазақтелеком" АҚ әрдайым қауіп-қатердің алдын алу мақсатында сараптама жүргізіп отырады. Қазіргі уақытта қандай да бір қауіп-қатер жоқ, барлық қызмет мен сервистер штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді "Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс қызметі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.
Beeline компаниясы GPON технологиясын пайдаланбайтынын, оның орнына FTTB қолданатындарын мәлімдеді.
Осыған дейін "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Олжас Сәтиев қазақстандықтарға үйдегі Wi-Fi-роутерінің осалдылығын қалай анықтауға болатынын айтып берді. Оның айтуынша, көптеген абоненттердің құрылғылары тәуекел аймағында тұр, себебі көптеген адам бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартпайды екен.
1 мамырда KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі миллиондаған GPON Home маршрутизаторында RCE қауіп барын хабарлады. Миллионнан аса Wi-Fi-роутер аутентификацияны айналып өту арқылы қашықтықтан қолдануға мүмкіндік береді екен.