KazSport телеарнасының Интернеттегі трансляциясы геоблокировка қондырғысы үшін тоқтатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
KazSport телеарнасының Интернеттегі трансляциясы геоблокировка қондырғысы үшін тоқтатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Геоблакировка KazSport -тың хабар таратуын шектеп, Интернеттегі торабын тек бір жақпен - Қазақстанмен ғана қамтиды. Спорттық арнаның директоры Диас Ахметшәріптің түсіндіруінше, қазір тиісті техникалық жұмыстар жүргізіліп отыр. Оның айтуынша, трансляцияға және авторлық құқыққа қатысты уағдаластық қарастырылған.
"Жақын уақытта интернет-ресурс спорттық ареналардың онлайн-трансляциясын көрсетуді жалғастырады. Дәл бүгін келісім жасадық және қайта қалпына келтіру жұмыстары аз ғана уақыт алады", - дейді Д.Ахметшәріп. Еске сала кетейік, Kazsport 2014 жылдың 13 сәуірінде Мэнни Пакьяо және Тимоти Брэдлидің бокстық жекпе-жегін көрсетуді жоспарлаған болатын.
Сонымен бірге KazSport Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинстің арасындағы жекпе-жекті де көрсетуді жоспарлаған. Қазір бұл мәселе контрагенттермен талқыланып отыр. Еске салайық, бұл айқас 2014 жылдың сәуіріндегі ең басты бокстық жекпе-жек деп танылған болатын. "Шыңғыс Шүменовпен, ағасымен және Бейбіттің промоутерлерімен келіссөздер жүргізілді. Оның барлығы оңды шешілді. Енді ары қарайғы жұмыстар осылай тиімді шешілетін болса, онда Шүменов пен Хопкинстің айқасын қазақстандық көрермендер "Қазақстан" мен KazSport телеарналарынан тамашалай алатын болады", - деді өткенде Д.Ахметшәріп.