Алматыда бүгін жауын болып, көшелер мен жекелеген аумақтарды су басты, қазіргі уақытқа дейін кептеліс басылған жоқ. Қала тұрғындары жағдайға қатысты әзілдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда бүгін жауын болып, көшелер мен жекелеген аумақтарды су басты, қазіргі уақытқа дейін кептеліс басылған жоқ. Қала тұрғындары жағдайға қатысты әзілдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кептелістен үйіне жете алмай жатқан алматылық жүргізушілер 2GIS қосымшасында әзілдеп жатыр:
"Розыбакиев көшесіне жақын жерден көлігімді ауыстырамын", "Сайн көшесіне жақын жерден көлік аламын, қымбат", - дейді олар.
"Моторлы қайық сатамын, бағасын келісеміз".
"Жүзуден Алматы чемпионаты".
"Бүгін жүру актуалды емес, жүзу керек".
"Ертең жұмысқа осы жерден барамын".
Ашулы алматылықтар да жоқ емес.
"Біреулер үшін жаңбыр көктайғақ сияқты", "Жаңбырмен көбінің миы шайылып кеткен сияқты", "Өмір туралы ойлануы керек адамдардың бәрі әл-Фарабимен келе жатыр", - дейді олар.
"Айттым ғой әне, қызыл жіп алыңдар деп", - деп әзілдеді тағы бірі.
"Кеттік шомыламыз".
"Кім қанша балық ұстады?".
"Жол апаты болып жатыр, әкімдік қайда қарап отыр".
Тұрғындардың бірі "Аватар" мультфильмінен цитата келтірді.
Еске салайық, "Қазгидромет" мамандары Алматыда 13-14 мамырда да жаңбыр жауып, найзағай соғатынын ескертті. 14 мамырда бұршақ пен қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!