ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайты "Билік және өзін-өзі басқару органдары" аталымында AWARD.kz 13-ші Ұлттық Ғаламтор жұлдесінің 2-орын иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайты "Билік және өзін-өзі басқару органдары" аталымында AWARD.kz 13-ші Ұлттық Ғаламтор жұлдесінің 2-орын иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайты 7 жылдан астам қызмет етіп келеді. Алайда, "жаңа бағытқа" ол бір жыл бұрын көшті. Осы жылдың наурызында қайта өңделіп, оның интерфейсі толығымен өзгеріске түсті. Қолданыстағы бөлімдер мен сайттың функциясы жаңартылды, тың жаңалық енгізілді. ҚР ҚМ жұртшылық қызметін жариялау үшін арналған әртүрлі бөлімдер, ҚР Қарулы Күштерінің әскер түрлерінің кіші сайттары пайда болды. Электрондық өтініштерді қабылдау бөлімі құрылды.
"Осынау барлық атқарылған жұмыстың жемісі ретінде сайтқа кіру 30 ретке еселене түсті, егер 2014 жылы сайтқа кірудің орташа есебі айына 900 сеансты құраса, қазіргі сәтте 29 000 сеансты құрайды. Пайдаланушылардың баға беруі бойынша жарияланымның сапасы жақсарды. Күн сайын сайтқа 3-тен аса бірегей ақпараттық баспасөз релизі, сұхбат, бейнесюжет, фоторепортаж және тағы да басқалар шығады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жүлденің ерекшелігі - бұл байқаудағы бірінші кезеңде үздіктерді қазақстандық сараптау тобы анықтайды. Оған сайттарды әзірлеу және ілгерілету аясындағы мамандар кіреді. Екінші кезеңде халықаралық сарапшылардан құралған кәсіби әділқазылар алқасы. AWARD.kz ұлттық ғаламтор жүлдесі Қазнет веб-сайттарының байқауы болып табылатынын айта кетейік. Онда еліміздің ең сапалы, қызықты, пайдалы және көркем сайттарын айқындайды және оларға Ұлттық ғаламтор жүлдесінің құрмет марапаттарын табыс етеді. Жыл сайын 13 жыл бойы өтіп келеді.