Америкалық NASDAQ электрондық биржасы ашылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде Facebook директоры Марк Цукерберг 4,3 миллард долларға байыды, - деп хабарлайды Life.
Америкалық NASDAQ электрондық биржасы ашылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде Facebook директоры Марк Цукерберг 4,3 миллард долларға байыды, - деп хабарлайды Life.
Reuters агенттігінің мәліметінше, компанияның кірісі жөніндегі маусымдық есеп жарияланғаннан кейін құнды қағаздарының бағасы он пайызға - 120,79 миллиард долларға дейін өскен. Бұл Facebook компаниясының нарықтағы бағасының 22 миллиард долларға өсуіне, сонымен қатар Цукербергтің жеке байлығының артуына әкелді.
Forbes басылымының мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылдың алғашқы үш айында әлеуметтік желіден түскен табыс 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Айта кетейік, негізгі кіріс жарнамадан түсіп отыр.