Марк Цукерберг жақсы қызметкерді қалай таңдайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марк Цукерберг жақсы қызметкерді қалай таңдайтынын айтты

Марк Цукерберг Facebook-ке жұмысқа алар алдында үміткерлерге кәсіби жарамдылықты бірден анықтауға көмектесетін бір ғана сұрақ қояды, - деп хабарлайды ABC News. Бұл туралы әлеуметтік желінің негізін қалаушы Mobile World Congress конференциясында мәлімдеді.

Марк Цукербергтің мәлімдеуінше, ол әдетте өзіне мынадай сұрақ қояды: "Мен өзім мына адам үшін жұмыс істеп бақытты бола аламын ба?".  "Мен өзім солар үшін жұмыс істейтін адамдарды ғана жұмысқа аламын. Мен өте жақсы тестпін", - деді ол. Сонымен қатар, ол Facebook-тің бас директоры Шерил Сэндбергті компанияның бизнес пен үлкен ұйымға айналуына жауапты тамаша жетекші әрі адам деп есептейтінін айтты.

Барселонада өткен конференция барысында Марк Цукерберг Internet.org бастамасымен таныстырды. Бұл - Facebook-тің арнайы жобасы, оның мақсаты әлемдік желіге қосыла алмай отырған жер бетіндегі халықтың үштен екі бөлігіне Интернетті қолжетімді ету. Сонымен қатар, онда трафикке ақша төлемей ұялы желілердің көмегімен әртүрлі ақпараттық қызметтерге қосылуға мүмкіндік беретін қосымша бар. Әлеуметтік желінің негізін қалаушының сөзіне қарағанда, дамушы елдердің жеті миллионнан аса халқы ұялы телефонның көмегімен Интернетке қол жеткізді. Енді бұл көрсеткішті арттыру жоспарда тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети