Мәскеулік қаңғыбас танымал YouTube-блогер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеулік қаңғыбас танымал YouTube-блогер атанды © Youtube кадры

Мәскеулік каңғыбас Евгений Якут YouTube сайтының танымал блогері атанды, - деп хабарлайды "Подмосковье 360" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеулік каңғыбас Евгений Якут YouTube сайтының танымал блогері атанды, - деп хабарлайды "Подмосковье 360" телеарнасы.

Блогтарында ер адам Мәскеуде ақшасыз өмір сүру жолдарын үйретеді. Үш күнде жалпы көрілім 250 мыңнан асты. Якут видеоарнасын қалай ойлап тапқанын айтты. "Жылыну үшін вокзалға кірдім. Онда теледидар тұрды, блогерлер туралы көрсетіп жатты. Ол жерде блогтан ақша табуға болатыны айтылды", - деді ол.

Евгений Якуттың алғашқы блогы.

Блогердің операторының айтуынша, арна арқылы ақша табу оңай емес. "Көрілімдерден пайда табу қиын, жарнама арқылы ақша табуға болады, дегенмен жарнама берушілер бізге келетініне күмәнім бар", - деді ол.

Қаңғыбастың блогы продюсер Кирилл Решетниковке ұнаған. Ол видеоларды адамдар көп көрсе, жарнама берушілер де табылады деп есептейді.

Қазір арнаға 10 мыңнан астам адам тіркеліп үлгерді. Блогер 6 видео жүктеді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети